Бос орынға конкурс жариялау
Тәрбиеші қызметіне конкурс жариялау
«Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ !!!
ЕСКЕРТУ!
Конкурс " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі. УАҚЫТША ТӘРБИЕШІ (0.75 бірлік)
ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:
1.Лауазым:тәрбиеші
2.Лауазымдық жалақысы :
еңбек сіңірген жылдарына байланысты
3.Оқыту тілі: қазақ
4.Конкурсқа құжаттар өткізу мерзімі:24.08.2024-29.08.2024 ж аралығы
5.Конкурс өткізілетін орын: «Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
6.Мекеменің мекен-жайы: Науалы ауылы, Ауезов көшесі, 12Б
Анықтама байланыс телефоны: 8(72230)2-81-70, +77785523709
Біліктілік талаптары:
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі біліктілігі
Арнаулы-орта (педагогикалық) және жоғары білімі(педагогикалық)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)Жеке басын куәландыратын құжат;
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4)Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы N ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Денсаулық жағдайы туралы анықтама
7)психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
8)наркологиялық ұйымынан анықтама;
9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың,
Педагог-сарапшының
Педагог-зерттеушінің
Педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Құжаттарды қабылдау мерзімі
24.08.2024 – 29.08.2024 ж аралығы
Сертификат болмаса құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.Конкурс қорытындысы жазбаша хабардар етіледі.